ШҚО-ның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында «Ashyq» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, бүгінде өңірде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 11,0%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,005.

«2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 26 сәуірдегі № 5-3 қаулының күші жойылды деп танылсын.

Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы, ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО Полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс«, - делінген құжатта.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шаралары 16 мамырға дейін ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар