ШҚО-ның ауылдық колледждеріне кәсіптік бағдарлық жұмысты жедел түрде күшейту тапсырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚзаАқпарат - Глубоков ауданындағы аграрлық және техникалық колледждердің кәсіптік бағдарлық жұмысы өзгертілуі тиіс. Бұл туралы ауданның барлық кәсіптік-техникалық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын қарау барысында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді.

Қолайлы жағдайлар жасалғанына қарамастан, оқу мекемелері тек жартылай ғана қамтамасыз етілген. Мұндай жағдай кәсіби бағдардың әлсіздігінен және білім сапасының төмендігінен қалыптасады. Соның салдарынан ғимараттар жартылай бос, оқу жабдықтары толық көлемде пайдаланылмайды  және  облыс әкімшілігі мұндай  "ісіне салақтыққа" көз жұма қарай алмайды, деп атап өтті Ж.Омар.

Сапар қорытындылары бойынша жаңа оқу жылында бірқатар ауылдық колледждердің қызметіне нақты өзгерістер енгізетін жұмыс тобы құрылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктен. 

Соңғы жаңалықтар