ШҚО-ның Алтай мен Аягөз қалаларында жүрекке ота жасайтын орталық ашылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Аягөз қалаларында жүрек қан-тамырлары жүйесіне арналған құрылғысы бар 2 орталық ашылады.

Бұл туралы ШҚО мәслихатының алтыншы шақырылымның XL кезекті сессиясында облыс басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрі-дәрмекпен байланысты жағдай күнделікті бақылауда. Әр әкім облыс бойынша 770 дәріхананың жағдайын бақылап, мониторинг жасап отыр», - ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, жақын арада облыстағы эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жасайтын цифрлық сервер іске қосылады.

«Біз коронавирус туралы ғана ойламай, күзде қыркүйек, қазан айында болуы мүмкін жағдайды да ескере отырып, әрекет етуіміз керек. Қыркүйекте Алтай және Аягөз қалаларында жүрек қан-тамырлары жүйесіне арналған құрылғысы бар 2 орталық ашылады. Бұрын Өскемен мен Семейде ғана жасалатын күрделі оталар енді осы қаладарда да жасалады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар