ШҚО-ның Ақсуат ауылында балалар театры ашылды

None
None
ТАРБАҒАТАЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында балалар театры жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тамшы» балалар театры жас актер, режиссер Бейбіт Құсанбаевтың бастамасымен ашылды. Бұл - ауылда құрылған алғашқы театр.

Балалар театрын ашу идеясы осыдан 7-8 ай бұрын пайда болған. Бас кезде шығармашылық үйірме ретінде жұмыс істей бастаған. Ауыл жасөспірімдері өнерге көптеп тартыла бастаған соң, үйірмені кеңейту туралы шешім қабылданды.

Қазір театрда 60-қа жуық дарынды бала өнер көрсетеді. Олар көптеген байқауларға қатысып, жеңіспен де оралып жатыр. Одан бөлек, қайырымдылық концерттерін жиі ұйымдастырып тұрады.

Соңғы жаңалықтар