ШҚО-ның Абай ауданында жабық бассейн салынып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Абай ауданында жүзу спортына арналған жабық бассейн пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай ауданы үшін Қарауылда жабық бассейннің бой көтеруі тың жаңалық болып отыр. Өйткені, мұнда қазақ күресі, бокс, тоғызқұмалақ сияқты  спорт түрлері жақсы дамығанымен, футбол, волейбол сияқты командалық спорт түрлері мен суда жүзу спорты кенже қалған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін өткен жылы облыст бюджетінен жабық бассейннің құрылысына 262,2 млн теңге бөлінген болатын.

Құрылыс нысанының мердігері - «Құрылыс» ЖШС-ның директоры Едіге Шораев тамыз айына дейін бүкіл жұмыс бітетінін айтады.

«Жоба бойынша жүзу бассейні 5 жолақты болады. Ғимаратта 1 күнде 40 адам жаттыға алады. Жүзу жолақтарынан бөлек жаттығу залдары мен монша,  асхана, жуынатын және демалатын бөлмелер қарастырылған. Суды тазартып тұратын құрылғылар және судың құрамын тексеріп тұратын арнайы зертханасы бар.  Нысанның айналасына 40 шырша егілді.  Жобаға сәйкес көлік тұрағы, кәріз ғимараттары бой көтерді. Бұл бассейн ауданның 90 жылдық тойына ерекше тарту болатын түрі бар. Құрылыс жұмыстары бітті деуге болады. Енді тек  құрал-жабдықтарды орнату ғана қалды», - дейді Едіге Шораев.

Соңғы жаңалықтар