ШҚО-ның 270 мыңға жуық тұрғыны - жастар

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде VIІ облыстық дәстүрлі «Студенттік көктем-2019» фестивалі басталды. 6 мыңнан астам мектеп түлек кәсіптік бағдар беру алаңдарына барды. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Фестивальде өңірдің 6 ЖОО және 22 колледж өкілдері жоғары сынып оқушыларына өздерінің мамандықтары мен оқу орындарын таныстырды. Жалпы кәсіптік алаңдарға 6 мың мектеп түлегі қатысты.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде онлайн дауыс беру арқылы «Жастар таңдауы»аталымы бойынша үздік жоғары оқу орны анықталады.

«Елбасының Бес әлеуметтік бастамаларының үшінші бағыты бойынша жоспарланған 11 жатақхананың екеуі Семей қаласында ашылды. Қазір 9 жатақхананың құжаты дайындалып жатыр. «Білікті маман» жобасы бойынша соңғы екі жылда өңірде қажетті мамандарды даярлауға облыс әкімінің арнайы гранттары бөлінуде. Бүгінгі таңда 646 жас грант иегерлері атанды. Жұмыстың оң нәтижесі қазірдің өзінде көрінеді , - деді жастар ресурстық орталығының ШҚО ІСБ Арайлым Есімбекова.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 14-29 жас аралығындағы 265 мың жас тұрады. Бұл облыс халқының 19% құрайды. Бұл ретте жастардың 25% - ын студенттер құрайды.

Облыстың 8 ЖОО мен 86 колледждерінде 66 548 студент білім алуда.

Соңғы жаңалықтар