ШҚО мұражай-қорығының топтамасын сирек кездесетін самаурын толықтырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы этнография мұражай-қорығы қорының көне орыс самаурындарының топтамасын тағы бір антикварлық «керосин самаурыны» толықтырып, енді мұражай қорларында олар екеу (оған қоса, жүздеген көмір самаурындары бар) болды, деп хабарлады мұражайдан.

Орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Роман Нечаевтың айтуынша, көптеген елдердің түсінігінде көне самаурын ағаш отынмен жағылып, кейін электр самаурындарға ауыстырылған. Бірақ, белгілі болғандай, 20-шы ғасырдың басында, яғни революцияға дейінгі уақытта керосинмен жағылатын самаурындар да пайда болып, бүгінде өте сирек кездеседі.

«Негізінен осындай самаурындар мұнай кәсіпшілігі жұмыс істеп, керосиннің бағасы арзан болған Кавказда таратылған. Әзербайжанды керосин шамының отаны деп бекер айтпаған. Ал самаурынның өзі таза орыс туындысы болып табылады. Бұрынғы жылдардағы Еуропада оны «орыстың шай машинасы» деп атаған», - деп баяндайды Р.Нечаев.

Біздің күнімізге дейін керосин самаурындары дәстүрлі самаурындарға қарағанда аз жеткен. Мысалы, мұражай-қорығында жүздеген көмір самаурындары бар болса, керосинмен жағылатын самаурын ұзақ уақыт бойы жалғыз тұрған.

Сонымен бірге этнограф мамандар бүкіл топтаманың әрбір самаурыны дара және қайталанбас екенін және барлығының антикварлық сирек кездесетін туынды екенін атап өтуде.
null

Соңғы жаңалықтар