ШҚО мешіттері мен шіркеулерде күн сайын дезинфекция жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мешіттер мен шіркеулерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Әнуар Абдулдин мәлімдеді.

«Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қайтыс болған адамның жаназасы үйден шығарылады. Бұдан бөлек, қатым түсіріп, ас беруге уақытша тыйым салынған. Мешіттер мен шіркеулерге баруға ешқандай шектеу қойылған жоқ. Десе де, әр адам жеке басының қауіпсіздігі үшін көпшілік қауым жиналатын жерлерде жүрмеуге тырысуы керек», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірде коронавирустың алдын алу мақсатында барлық мешіттер мен шіркеулерде күн сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар