ШҚО-мен Ресей шекарасындағы жол қайта ашылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Ресеймен шекарадағы жолда көлік қозғалысына рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты Ресеймен шекарадағы жол жабылған болатын.

«Бүгін таңғы сағат 07.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 105-123 шақырымында (Шемонаиха қаласы мен Ресей Федерациясы шекарасының аралығы) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар