ШҚО мен Қостанайдың қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа басшылар келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жаңа басшыларын жеке құрамға Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Жанат Ешмағамбетов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Президент Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымына бұған дейін осы облыстың полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған Жанболат Аманұлы Қалетаев тағайындалды.

Жанболат Қалетаев - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет етеді, өңірлік полиция департаментінің бөліністерінде біраз жылдары басшылық лауазымдарда болған.

Осы бұйрықпен Қостанай облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы қызметіне Абай Серікұлы Қайырбеков тағайындалды.

Абай Қайырбеков ішкі істер саласындағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облысында аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған.

Көп жылдар бойы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында қызмет атқарған.

Соңғы атқарған лауазымы - министрліктің өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар