ШҚО мен Қарағанды облысы аумағында республикалық жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО мен Қарағанды облысы аумағында республикалық жолдың учаскелері жабылды.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, «Екатеринбург-Алматы» жолының 1492-1854 шақырымындағы Қарағанды қаласы мен Балқаш қаласы аралығында қар аралас жаңбыр, көктайғақ және тұман салдарынан жол жабық.

Сонымен қатар осы жолдың 1858-1992 шақырымындағы Балқаш қаласы мен Сарышаған аралығында көлік қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, бұл аумақтағы жауын мен көктайғақ көлік қозғалысын қиындатып отыр, сондықтан да автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, ШҚО аумағындағы «Алматы-Өскемен» жолының 973-1073 шақырымындағы Қалбатау мен Қасым Қайсенов кенті учаскесінде боран мен көктайғаққа байланысты жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.

Соңғы жаңалықтар