ШҚО мен Абай облысында екінші ауысымдағы оқушылар қалай оқиды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан мен Абай облысында екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 30 қараша күні сағат 11.00-де Семейде ауа температурасы -24 градусқа дейін төмендеді.

«Соған орай екінші ауысымдағы мектеп оқушыларының 1-4 сыныптары қашықтан білім алады», - делінген ақпаратта.

Абай облысы бойынша Үржар, Аягөз аудандарында оқушылар дәстүрлі форматта білім алса, қалған қала-аудандарда түгелдей онлайн форматқа ауыстырылған.

Сондай-ақ ШҚО білім басқармасының дерегінше, Алтай, Глубокое, Самар, Катонқарағай, Тарбағатай, Күршім, Шемонаиха, Ұлан аудандарында екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқытылады.

Ал басқа қала, аудандарда балалар мектепке барып білім алады.

Еске салсақ, Семейде жастар аязда көше тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай мен бауырсақ таратқан.

Сондай-ақ осыған дейін ШҚО мен Абай облысында оқушылар үшінші күн қатарынан сабақты үйден оқып жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар