+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ШҚО мектептерінің 58% оқу жылын онлайн бастайды

2020 жылғы 11 тамыз 16:34
Бөлісіңіз:
ШҚО мектептерінің 58% оқу жылын онлайн бастайды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің 58 пайызы жаңа оқу жылын онлайн режимде бастайды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімі ауысты ШҚО-ның Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды Қашықтан оқыту: Агенттік ноутбук пен планшетке бөлінген қаражаттың 3 млрд теңгесін үнемдеді

«2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында 312 мектептегі 109,6 мың оқушы (58%) қашықтан білім алады. Ата-аналардың өтініштері бойынша бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Әр топта 15 адам болады. Барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Сондай-ақ биыл қашықтан оқыту жүйесінің режимін түсіндіру мақсатында балалардың бірыңғай сағаты және ата-аналардың бірыңғай дәрісі ұйымдастырылмақ», - деді ол.

ШҚО әкімінің айтуынша, 334 мектепте оқушылар бұрындағыдай сабаққа барады. Бұл, шағын жиынтықты және орын саны жеткіліксіз мектептерге қатысты.

«Аталған мектептерде білім алатын оқушылар екі ауысымда оқиды. Әр сабақтан соң жарты сағат бойы желдету және дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар маска кию режимі мен медициналық бақылау күшейтіледі», - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы барлық мектеп дезинфекциялық және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, балаларға тегін маскалар берілетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT