ШҚО мектептерінің 2 мың мұғалімі инклюзивті білім беру курсынан өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2 мың ұстаз инклюзивті білім беру бойынша курстан өтті. Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов ШҚО әкімдігінде оқытушыларды қайта даярлау мәселесіне қатысты өткен жиын барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс бойынша 2000 мұғалім инклюзивті білім беруге қатысты курстан өтті. Мектептерде осы бағытта арнайы сыныптар ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар IT саласындағы педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда», - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда орыс мектептерінде қазақ тілін, қазақ мектептерінде орыс және ағылшын тілдерін оқыту бағдарламалары жетілдірілді.

«Өкінішке қарай, Білім басқармасы жүргізген талдау көрсеткендей, білім ордаларында қазақ тілін оқыту деңгейі төмен. Бірінші кезектегі міндет – балаларды мемлекеттік тілде сөйлеуге, оны күнделікті өмірде пайдалануға үйрету. Сондықтан мұғалімдерді қазақ тілін оқытудың заманауи және пәрменді әдістемелерімен таныстыратын тиімді бір жарым айлық курстар әзірлеу қажет», - деді Даниал Ахметов.




Соңғы жаңалықтар