+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

ШҚО мектептерінде болашақ инженерлерді дайындайтын болады

2021 жылғы 20 қыркүйек 19:19
Бөлісіңіз:
ШҚО мектептерінде болашақ инженерлерді дайындайтын болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында инженерлер тапшылығын шешу үшін мектептерде арнайы сабақтар енгізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде жеңіл көлік пен трамвай соқтығысты «Кальмар ойыны» сериалын кәмелетке толмағандар көрмеуі керек – Білім министрлігі Сайрам ауданында білімге жауапты бөлім басшысы мен мектеп директоры парамен ұсталды

Соңғы жылдары өңірде инженерлік мамандықты таңдайтын түлектер азайып кеткен. Келешекте бұл осы салада маман тапшылығын күшейе түсуі әбден мүмкін. Бұл жайлы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов мәлім етті.

«Болашақ студенттер техникалық мамандықтар бойынша оқудың қиын екендігін түсінеді. Себебі инженер атану үшін физика мен математика пәндерінен жоғары білім болуы қажет. Өкінішке қарай, мектептерде физика-математикалық дайындыққа тиісті көңіл бөлінбеуде. Бұл мәселе әсіресе ауылдарда өте өзекті», - деді ол.

Ректордың айтуынша, университет «Инженерлік сыныптар» жобасын іске асыруды бастады. Қазір өңірдегі физика және математика пәндері тереңдетіліп оқытылатын 11 мектепте осындай сынып ашылған.

«Осы жылы тағы 14 білім ордасына инженерлік сыныптарды енгіземіз. 7-сыныптан бастап балалар мамандандырылған пәндерді тереңірек зерттеп, университетте практикалық дайындықтан өтеді. Осылайша олар мектеп бітіргенде болашақ мамандығын еркін меңгере алады», - деді Жасұлан Шаймарданов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT