ШҚО медицина мекемелерінен 60 мыңға жуық кемшілік анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық мекемелерден 60 мыңға жуық кемшілік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір ауруханаларындағы медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне үнемі мониторинг жүргізілуде.

Соның нәтижесінде, биыл 57 мың кемшілік анықталып отыр.

«Медициналық мекемелердегі ең көп таралған бұзушылық - бұл тұрғындарға кеңес беру және диагностика қызметтерін көрсетуде жіберілген олқылықтар. Екінші орында көрсетілген көмек көрсеткішін жасанды өсіру, емдеу құжаттарын қате толтыру және диагностика шараларын орындау барысында стандарттар мен клиникалық протоколдардан негізсіз ауытқу болып отыр. Биыл біз сапаны бақылау жүйесіне өзгеріс енгізудік. Медициналық қызметтерді көрсету тәртібі мен пациенттердің құқығын бұзу фактілерін анықтау және алдын алу үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде», - деді филиал директоры Ғалымжан Әбілов.

Оның айтуынша, ауруханада қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда 45 күн ішінде сол олқылықтардың орны толықтырылуы тиіс.

Аталған мерзім өткен соң нәтиже шығармаған медициналық мекемеге айыппұл салынады.



Соңғы жаңалықтар