ШҚО мәслихатына бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттар тізімі

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір мандатты округтер бойынша сайланған мәслихат депутаттары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша сайлаушылар тізіміне 499 206 адам енгізілген. Дауыс беруге 303 325 адам қатысты.

Облыс мәслихатына кандидаттардың жалпы саны - 59.

Сайлау қорытындысында бір мандатты округтер бойынша мәслихат депутаты болғандардың тізімі:

№ 1 сайлау округі бойынша – Азамат Есембулов Хамидуллаұлы, 1983 жылы туған, ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ директоры, тұрғылықты жері – Өскемен қаласы;

№ 2 сайлау округі бойынша – Андрей Владимирович Алехнович, 1974 жылы туған, «Өскемен Водоканал» КМК бас инженері, тұрғылықты жері – Өскемен қаласы;

№ 3 сайлау округі бойынша – Сергей Владимирович Бежецкий, 1969 жылы туған, «ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасы, тұрғылықты жері – Өскемен қаласы;

№ 4 сайлау округі бойынша – Сания Мағауқызы Әубәкірова, 1964 жылы туған, «Үлбі қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры, тұрғылықты жері – Өскемен қаласы;

№ 5 сайлау округі бойынша – Сергей Александрович Попов, 1975 жылы туған, «Өскемен қаласының № 4 қалалық ауруханасы» басшысы, тұрғылықты жері-Өскемен қаласы;

№ 6 сайлау округі бойынша – Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы, 1970 жылы туған, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры, тұрғылықты жері – Өскемен қаласы;

№ 7 сайлау округі бойынша – Нечепуренко Николай Михайлович, 1979 жылы туған, «Berezka UKA» ЖШС даму жөніндегі директор, тұрғылықты жері – Өскемен қаласы;

№ 8 сайлау округі бойынша – Тұрарбек Анарбекұлы Әзекенов, 1964 жылы туған, «Казцинк» ЖШС ЖМК атқарушы директоры, тұрғылықты жері – Өскемен қаласы;

№ 9 сайлау округі бойынша – Александр Михайлович Анчугин, 1968 жылы туған, «Казцинк» ЖШС «Казцинкмаш» ӨК директоры, тұрғылықты жері – Риддер қаласы;

№ 10 сайлау округі бойынша – Ренат Жангурчинов Сансызбайұлы, 1974 жылы туған, «Қазмырыш» ЖШС БГЭК гидротехникалық цехының бастығы, тұрғылықты жері – Алтай қаласы;

№ 11 сайлау округі бойынша – Игорь Михайленко Владимирович, 1966 жылы туған, «Теплоцентраль» КМК бас инженері, тұрғылықты жері – Алтай қаласы;

№ 12 сайлау округі бойынша – Тимур Русланұлы Виситаев, 1991 жылы туған, «Виситаев» шаруа қожалығының басшысы, тұрғылықты жері - Глубокое ауданы Веселовка ауылы;

№ 13 сайлау округі бойынша – Аэлита Ахметсалимкызы, 1967 жылы туған, «Айка» шаруа қожалығы басшысы, тұрғылықты жері – Өскемен қаласы;

№ 14 сайлау округі бойынша – Ғани Шаймарданов Шаймарданұлы, 1975 жылы туған, «Нұр Арай» ЖШС құрылтайшысы, тұрғылықты жері – Катонқарағай ауданы, Өрел ауылы;

№ 15 сайлау округі бойынша – Ербол Әлімқанұлы Әбдіқалықов, 1971 жылы туған, «Сей-Нар» ЖШС Бас директоры, тұрғылықты жері – Өскемен қаласы;

№ 16 сайлау округі бойынша – Светлана Буднецкая Ивановна, 1964 жылы туған, «Гуманитарлық-техникалық колледж» ЖШС директоры, тұрғылықты жері – Шемонаиха қаласы;


Соңғы жаңалықтар