ШҚО-лық өрт сөндіруші ағаштан түрлі бұйымдар жасайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында өрт сөндіруші болып жұмыс істейтін Елдар Мұхтарұлы ағаштан түрлі бұйымдар жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Елдар Мұхтарұлы Катонқарағай ауданындағы №27 өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді. Қауырт қызметтен босаған сәттерде ол қолөнермен айналысады.

«Ағаштан түрлі бұйым жасауға деген қызығушылығымды мектеп қабырғасында оқып жүргенде еңбек пәнінің мұғалімі оятты. Содан бері бұл хоббиіме айналды. Ағашты кесіп, оны шеберлікпен өңдеу оңай шаруа емес. Бұл біршама уақытты және ептілікті талап етеді. Шыдамдылық пен төзімділік қажет», - деді ол.

Өрт сөндірушінің өзіндік эксклюзивті коллекциясы бар. Оның қатарында – оқтау, шам орнытқыш тұр. Қазіргі уақытта астау, тостаған сынды ұлттық ыдыстарды да дайындайды. Оны жақындарына, достарына және әріптестеріне сыйлық ретінде береді.

Елдар ТЖД қатарында қызмет етіп жүріп, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында білім алуда. Ол офицер болуды мақсат еткен.


Соңғы жаңалықтар