ШҚО-лық құтқарушылар нәзік жандыларды ерекше құттықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жандыларды ерекше құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД және Риддер қаласының ТЖБ құтқарушылары оқу-жаттығу өткізген. Сценарий бойынша олимпиада резерві республикалық спорт мектеп-интернат-колледжінің базасында таулы аймақтарда өткізілген жарыс барысында 2 шаңғышы бала қар көшкіні астында қалған. Бірден жарыс тоқтатылып, жаттықтырушылар болған жағдай туралы «112» қызметіне жедел хабарлайды. Оқиға орнына құтқарушылар келіп, көшкін астында қалған екі баланы тауып алады. Құтқарушылар балаларға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырады.

«Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін құтқарушылар тосынсый жасап, шаңғы жарысына қатысушы әйелдер мен жаттықтырушыларды құттықтап, оларға гүл шоқтарын сыйға тартты. Тек жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де маңдай терді төгіп қызмет етудің ауырлығына қарамастан, ТЖД ұжымы әйелдер мерекесін назардан тыс қалдырмайды», - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Әйелдер қауымы құтқарушылардың ерекше құттықтауларына таңырқап, ризашылықтарын білдірді.



Соңғы жаңалықтар