ШҚО-лық боксшы қыз әлем чемпионатына жолдама алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында тұратын боксы қыз, ҚР-ның екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2003-2004 жылы туған боксшы қыздар арасында Алматыда өткен республикалық жарыста Шығыс Қазақстанның намысын Айшагүл Елеубаева қорғап, жеңімпаз атанды. Спортшының жаттықтырушысы Берік Мусин Айшагүлдің әлем чемпионатында лайықты өнер көрсетуге барлық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

«Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Енді әлем чемпионаты мен халықаралық турнирлерде Қазақстанның даңқын шығаруға дайындаламыз, – деді жаттықтырушы.

Айшагүл өзінің спорттық мансабын 12 жасында бастаған. 2016 жылы бойжеткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бокс бойынша Өскемен қаласының ашық біріншілігіне алғаш рет қатысты. Екінші орын иеленген спортшы сол жылы 2003-2004, 2005-2006 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы ашық облыстық турнирде бірінші жеңісіне қол жеткізді.

2017 жылы Жеңіс күніне арналған бокстан облыстық турнирдің жеңімпазы атанды. Келесі жылы бойжеткен жасөспірімдер арасындағы бокстан Шығыс Қазақстан біріншілігінің чемпионы атағын жеңіп алды.

2019 жылы Арыс қаласында өткен бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты барысында Ұлан ауданының спорт тарихында қыздар арасында бірінші болып Қазақстан чемпионы атанды және ҚР спорт шеберіне кандидат атағын қорғады.

«Биыл Чемпионатқа дайындық кезінде, әрине, карантиндік шараларға байланысты қиындықтар болды. Бірақ жаттықтырушыларымның жетекшілігімен табанды дайындықты жалғастырдым. Енді әлем чемпионатында жақсы өнер көрсеткім келеді. Облыс басшылығына, жаттықтырушыларыма үнемі қолдап, көмектескендері үшін ризамын», – деді Айшагүл Елеубаева.

Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев жас спортшыны жеңісімен құттықтап, Алғыс хат, «Халық қаһарманы» медалі мен бағалы сыйлықтар табыс етті.


Соңғы жаңалықтар