ШҚО Қытайдағы ЭКСПО көрмесінде урандық таблеткалар ұсынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Қытайда өтетін «ЭКСПО» көрмесіне атом электр станцияларына арналған урандық таблеткаларды ұсынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты.

«Бұл дайын өнім ядролық реакторларға арналған отын сияқты болады. Осындай өнім өңірде бұрын өндірілмеген. Бұған дейін Шығыс Қазақстан аумағында тек шикізат өндіріліп, көрші елдерге жіберілетін», - деді аймақ басшысы.

Осылайша, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бағдарламасының және кәсіпорындардың жоғары технологиялық жабдықтарының арқасында Қытайда өтетін ЭКСПО көрмесінде АЭС-ке арналған урандық таблеткалар ұсынылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін есеп беру кездесуінде ШҚО сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұрғаны айтылды.




Соңғы жаңалықтар