ШҚО құтқарушылары зомбидің кейпіне енді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары ерекше челлендж өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар бір күнге өз формаларын шешіп зомбидің кейпіне енді. Мұндағы мақсат – өңірдегі жылыту маусымында халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыру.

«Зомби болып киінген олар жер үйлерді аралап, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт шығу және иіс тию оқиғаларын болдырмау үшін департамент мамандары пешті жөндеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді. «Зомби» - пешті дұрыс пайдаланбаған жағдайда қауіпті газбен уланғаннан кейінгі адамның жағдайын бейнелейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Рейдті тиімді өткізу үшін құтқарушылар газ талдағыш құралды қолданды. Осы жабдықтың көмегімен үйлердегі улы газ деңгейін тексеруге болады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда өткен жылыту маусымында 90 адамға иіс тиген.


Соңғы жаңалықтар