ШҚО құтқарушылары жыл басынан бері 64 адамды ажалдан арашалап қалды

None
Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жыл басынан бері 64 адамды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өткен.

«Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанның өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 800-ден астам рет түрлі төтенше жағдайлар мен оқиғаларға барды. Барлығы 64 адам құтқарылып, 106 адам эвакуацияланды. Күн сайын олар халық қауіпсіздігін күзетіп, ел алғысына бөленіп жүр», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Ерекше көзге түскен қызметкерлер ҚР төтенше жағдайлар министрінің атынан медальдармен, төсбелгімен және алғыс хатпен марапатталды.

Соның бірі – Глубокое ауданында баланы өрттен құтқарған Евгений Шимин.

«Департамент қызметкерлері қызметтік борышын орындау кезінде қаза болған әріптестерін ешқашан ұмытпайды. Дәстүр бойынша мереке қарсаңында еске алу стелласына гүл шоқтары қойылады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар