USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО құтқарушылары жолда қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады

2021 жылғы 27 ақпан 16:35
Бөлісіңіз:
ШҚО құтқарушылары жолда қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары дөңгелегі жарылып жолда қалған шағын автобус жолаушыларын эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бетпе-бет соғылған көліктердің бірінде қыстырылып қалған адам құтқарылды - ШҚО ШҚО құтқарушылары отшашу атқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді Шымкентте көлік ұрлаған күдікті полиция бөлімінде көз жұмды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Ақсуат-Ақжар» тасжолындағы Бакей учаскесінің аумағында келе жатқан шағын автобустың 2 бірдей дөңгелегі жарылып қалған. Шағын автобус ішінде 11 жолаушы болды.

«Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті. Олар 8 адамды Ақжар ауылына дейін жеткізіп тастады. Ал 3 азамат көлік дөңгелектерін ауыстыру үшін сонда қалған», - делінген хабарламада.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын жіті тексеру қажеттігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT