ШҚО құтқарушылары жолда қалған 5 адамға көмектесті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының құтқарушылары жолда қалған 5 адамға көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 қаңтар күні сағат 22.00 шамасында «Аягөз-Қарауыл» тасжолымен Ақшатау ауылдық округінің маңындағы қыстауға бара жатқан 5 адам, оның ішінде 3 бала жолда қалған. Көліктері қарға батқан олар құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады.

«Оқиға орнына №22 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Олар көлікті тазартылған жол учаскесіне сүйреп апарып, Аягөз қаласына дейін шығарып салды. Тұрғындардың денсаулығына ешқандай зақым келген жоқ», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Дауылды ескерту жарияланған кезде алыс жолға шығуға болмайды. Жолдардың жабылғандығы туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға болады.



Соңғы жаңалықтар