ШҚО құтқарушылары пеш жағып отырған 102 мыңнан астам жер үйді тексерді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары пеш жағып отырған 102 мыңнан астам жер үйді тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығында өткен брифинг барысында облыстық ТЖД өкілі жер үйлерде өрттің алдын алу мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып берді. Жалпы жыл басынан бері жеке тұрғын үйлерде өрт шығуы 18%-ға, қызыл жалыннан қаза болғандар саны 44%- ға азайып отыр.

«Құтқарушылар облыс бойынша пеш жағып отырған 102 мыңнан астам үйді тексерді. Соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 23 560 фактісі тіркелді. Үй иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті нұсқаулар берілді», - дейді департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Скляр.

Сондай-ақ өңірде пешпен жылытылатын 3 174 үйде әлеуметтік осал санаттағы отбасылар тұрады. ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы үйлерді екі рет аралап шықты. Нәтижесінде 2357 бұзушылық анықталды. Оның 1613-і пешті, 573-і электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға, 171-і газ баллондарын сақтауға қатысты болып отыр.


Соңғы жаңалықтар