ШҚО құтқарушылары өрттің алдын алу үшін ғарыштан мониторинг жасауда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көктем шыққалы бері 423 рет дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

«Көктем шыққалы бері облыс аумағында 423 рет дала өрті сөндірілді. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 12 952 гектарды құраған. Оның ішінде ТЖД қызметкерлері ормандағы 13 өртті ауыздықтауға аттанды», - делінген ақпаратта.

Отты алғаш тұтанған сәтте өшіру үшін құтқарушылар ғарыштан мониторинг жасауда. Бұл деректерді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК мен «Geosat» ЖШС ұсынады.

Термонүктелер бойынша тиісті деректерді алуға мүмкіндік бар.

«Бүгінгі таңда осы технологияның көмегімен өрт дереу анықталып жатыр. 2022 жылдың 4 сәуірінен бастап 152 термиялық нүкте тіркелген. Оларды өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері жедел пысықтап, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да ер адам танысына өшігіп, оның үйін өртеп жібергенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар