ШҚО құтқарушылары өрт қаупі жоғары кезең басталғалы 546 рет рейдке шықты
2022 жылғы 12 тамыз 09:18

ШҚО құтқарушылары өрт қаупі жоғары кезең басталғалы 546 рет рейдке шықты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары өрт қаупі жоғары кезең басталғалы 546 рет рейдке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Скляр биылғы өрт қаупі жоғары кезеңнің қалай өтіп жатқаны туралы айтты.

«Облыс аумағында 48 орман өрті тіркеліп, 1 958,1 гектар аумақты шарпыды. 70-тен астам рет далада шөп жанған. Қызыл жалынның жалпы ауданы 1 348,8 гектарды құрады», - деді ол.

Өрт қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғау қызметкерлері, полицейлер, орманшылар және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатарынан 46 мобильді топ құрылды. Онда барлығы 270 адам бар.

Олар 546 рет рейд жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 37 фактісін анықтады. Сондай-ақ жалпы саны 15 292 адамға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілген.

«Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен құрылған 41 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Онда 51 адам және 43 техника бар. Ал өңірдің елді мекендерін толықтай қамту үшін тағы 10 өрт сөндіру бекетін құру қажет. Аталған бекеттерді іске қосылса 28 мыңға жуық адамды тұратын 25 елді мекенді өрттен қорғауға мүмкіндік туады», - деді Анастасия Скляр.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT