ШҚО құтқарушылары мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін 1694 рет рейдке шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін 1694 рет рейдке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көктем келіп, күн жылынысымен мұз үстінде балық аулау өте қауіпті. Алайда қауіпсіздікті ойламайтын балықшылар да кездеседі.

«Шығыс Қазақстанда 2021-2022 жылғы қыс мезгілінде балық аулау кезінде 3 адам суға кетті. Құтқарушылар су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізуде», - делінген ақпаратта.

Осы уақытқа дейін 1694 рейд жүргізілген. Балықшыларға мұздағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру үшін 14 848 жадынама таратылды. Басты мақсат – адамдарға жұқа мұздың қауіптілігі туралы ескерту. Құтқарушылар апта сайын нұсқаулықтар да өткізеді.

«Қыстың басынан барлығы 7140 рет нұсқаулық өткізілген. Сондай-ақ құтқарушылар мектептерге барып, балаларға жұқа мұзға шығу өте қауіпті екенін түсіндіруде», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар