ШҚО құтқарушылары көпбалалы отбасылардың балаларына мектепке жиналуға көмектесті

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары көпбалалы отбасылардың балаларына мектепке жиналуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысты. Олар Өскемендегі көпбалалы отбасылардың балаларына мектепке жиналуға көмектесті.

«Бұл акцияға жыл сайын қатысамыз. Қиын уақытта көмектесу – құтқарушылардың міндеті. Оның үстіне биыл – Балалар жылы. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар ерекше қамқорлықта. Акцияға қатысушылар саны да жыл санап артып келеді», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Осы жылы департамент қызметкерлері Бисимбаевтар мен Шушиниковтар отбасына рюкзактар мен кеңсе тауарларын сатып алуға көмектесті. Дина Бисимбаева төрт бала тәрбиелеп отырған отбасында, ал Илья Шушиников 5 ағайындының арасында өсіп келеді. Екеуі де бірінші сыныпқа барайын деп отыр.


Соңғы жаңалықтар