ШҚО құтқарушылары қар көшкінінде қалған Аяз ата мен Ақшақарға көмектесті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары қар көшкінінің қаупін түсіндіру мақсатында ерекше шара өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 497 жол учаскесінде көшкін жүру қаупі бар. Оның ішіндегі 336-сы объектілер мен тұрғындарға қауіп төндіреді. Жаңа жыл қарсаңында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін құтқарушылар ерекше шара өткізді.

«Аңыз бойынша Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарын алып шанаға мініп, жолға шыққан. Елді мекендерден алыстаған олар құтқарушылардың көшкін қаупі туралы ескертулерін ескермей, тауға қарай кеткен. Сөйтіп, көшкінге тап болды. Құтқарушылар оларға көмек көрсету үшін жедел келіп жетті. Лабрадор иттердің көмегімен қар құрсауында қалған ертегі кейіпкерлері табылды», - делінген ақпаратта.

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Аяз ата мен Ақшақарды тексеріп, ауруханаға жатудың қажеттілігі жоқтығын айтты. Құтқарушылар оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барынша абай болу керектігін ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО құтқарушылары зомбидің кейпіне енген болатын.



Соңғы жаңалықтар