ШҚО құтқарушылары биыл қиындыққа тап болғандарға 175 рет көмекке аттанды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары 2022 жылдың басынан бастап қиындыққа тап болғандарға 175 рет көмекке аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл құтқарушылар әртүрлі апаттық-құтқару жұмыстарына 175 рет аттанды.

«Нәтижесінде, 71 адам эвакуацияланып, 20 адам құтқарылды. Оның ішінде 6 бала бар. Шұғыл жағдайларда Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де көмекке келген. Орталықтың облыстық филиалында 11 дәрігер жұмыс істейді. Биыл олар 11 өртке, 3 жол-көлік оқиғасына барды. Зардап шеккен 6 азаматқа кәсіби көмек көрсетілді», - делінген ақпаратта.

Қыс кезінде медицина-құтқару пункттері жұмыс істеп тұр. Өңір бойынша осындай 4 пункт бар. Жыл басынан бастап 2 адам көмекке жүгінді.

«Оқыс оқиғалар қашанда кенеттен болады. Бұл сәтте сол жерге жылдам келіп, кәсіби көмек көрсету өте маңызды. Құтқарушылар өз денсаулығын қатерге тігіп, міндеттерін атқарады. Олар азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз жандарын қиюға дайын тұрады», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.


Соңғы жаңалықтар