ШҚО құтқарушылары балаларға судағы қауіпсіздік ережесін үйрететін мультфильм шығарды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін үйрететін мультфильм шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар балаларды қауіпсіздік негіздеріне оқыту үшін ерекше қадамдар жасауда. Мәселен, департамент қызметкерлері «Тентек пен Айя» мультфильмінің кезекті сериясын шығарды. Онда балалардың судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы айтылады.

Биылғы анимациялық фильмді жасаушылар балаларға су қоймаларына ересектерсіз бару қаншалықты қауіпті екенін және әрқашан қауіпсіздік шараларын қаперде ұстау керектігін ескертеді. Таңдалған тақырып өте өзекті. Себебі жазда балалардың суға кету оқиғалары аз тіркеліп жатқан жоқ.

«Балалардың мультфильмдерді қалай жақсы көретінін білеміз. Сондықтан қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін дәл осындай әдісті қолдануды шештік», - дейді мультфильм авторлары.

Кең ауқымды профилактикалық жұмыстардың, өткізілген науқандар мен рейдтердің арқасында өңір бойынша балалардың суда қаза болуы 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе төмендеді.




Видеодан алын ғ ан кадр



Соңғы жаңалықтар