+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

ШҚО құтқарушылары автобусы жолда қалып қойған хоккейшілерге көмектесті

2020 жылғы 23 ақпан 15:34
Бөлісіңіз:
ШҚО құтқарушылары автобусы жолда қалып қойған хоккейшілерге көмектесті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жас хоккейшілердің үйлеріне жетуіне көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Автомобиль жолдары саласында 130-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген Елорда көшелерінде жүрген автобустар кімдерді тасымалдайды Қазақстанда жаңа автокөлікті онлайн тіркеуге болады

ТЖ департаменті мәлім еткендей, 23 ақпанда облыста бұрқасын мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланған. Соның салдарынан «Өскемен-Искитим-Өскемен» бағытындағы автобус Березовка ауылы маңында тік өрге шыға алмай, қалаға 50 шақырым жерде қалып қойған.

«Автобуста 25 адам болған, соның ішінде 18-і балалар. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен жолға шығып, өздеріне автобустағы барлық жолаушыны мінгізіп, қалаға жеткізген», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.


Департаменттің мәліметінше, олар Өскеменге жақындаған тұста автобус қуып жеткен. Автобустың өрге көтерілуіне жол қызметі көмектескен. Жас хоккейшілер командасы өз автобусына отырып, әрі қарай сапарын жалғастырған.

Автор: Орал Ерланұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT