ШҚО құтқарушылары «30 игі іс» акциясына қатысуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары көктемгі су тасқынына сақадай сай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар халықты су тасқынының болу мүмкіндігі жайлы алдын ала ақпараттандырып, көмек қолын да созуда. Мәселен, Өскемен қаласының ТЖБ өкілдері және №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «30 игі іс» акциясы аясында жалғызілікті қарт кісіге тұрғын үйдің аумағын қар мен мұздан тазартуға көмектесті.

«Құтқарушылар су басу қаупі бар аймақта тұратын Юннатов көшесінің тұрғындарына өз үйлерін қарғын судан қалай қорғау қажеттігі турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта да осы бағытта тиісті шаралар атқарыла бермек», - делінген хабарламада.

Осы ретте, департамент өңір жұртшылығына су тасқыны кезеңінің таяп қалғанын, дайындық жұмыстарына қазірден қамдана беру қажеттігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар