ШҚО құтқарушылар өрттің алдын алу үшін 700 рет рейдке шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары биыл өрттің алдын алу үшін 700 рет рейдке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, арнайы құрылған мобильді топтар үнемі тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жыл басынан бері олар 464 564 рет аралауға шығып, 814 629 адам қамтылған. Сондай-ақ 517 жиын және 706 рейд өткізілді. Алдын алу жұмыстарының арқасында өңірде өрт санының 26%-ға азайған. Тілсіз жаудан көз жұмғандар саны 29%-ға төмендеді.

«Риддер қаласында өрт десантының қатысуымен рейд өтті. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер 200-ден аса үйге кіріп, тұрғындарға пеш пайдалану ережелерін және жаңажылдық мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін түсіндіріп, өрт кезіндегі іс-қимыл бойынша егжей-тегжейлі нұсқама берді», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар