ШҚО Күршім ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі болып Алмат Ақышов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмат Талғатұлы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін туризм мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын экономика және бизнес мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын өңірлік даму магистрі біліктілігі бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын елордадағы «Қазақстан орталық концерт залы» әкімшілік-шаруашылық бөлімінің билет бақылаушысынан бастаған.

2012 жылдан Өскемен қалалық туризмді дамыту бөлімінің маманы, кейін Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды.

2015-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінде сарапшы және бас сарапшы лауазымдарында қызмет етті.

2018-2020 жылдары ШҚО Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы болған.

2020-2021 жылдары ШҚО Аягөз ауданы әкімінің экономика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы лауазымын атқарған.


Соңғы жаңалықтар