ШҚО коммуналдық мекемесі тұтынушырға 24 млн теңгені қайта есептейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ 24 млн теңгенің қаржысын тұтынушыларға қайта есептеуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның монополияға қарсы күрес ведомствосына сілтеме жасап.

«Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері 2017 жылдың 11 сәуірінен бастап, «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ-на қатысты нарық субъектісінің ҚР бәсекелестікті қорғау саласы бойынша 174 бабында қарастырылған талапты бұзуы жөнінде хабарландырды»,-деп хабарлады ведомство.

Осылайша кәсіпорын өзінің монополиялық мүмкіндігін пайдалана отырып, белгісіз тұтынушылар ортасының электрлік желі үшін төлеулері тиіс болған қарызына байланысты оларды бірнеше мәрте желіден ажыратып тастау арқылы заңды құқықтарын бұзған. Алдын ала ескеру жасалған талапты орындау үшін «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ желіден ажыратып тастаған алғашқы жылы тиісті сомасын төлеген тұтынушыларға 23 958 834 теңгені қайта есептеуі қажет.

Соңғы жаңалықтар