ШҚО кәсіпорындары жұмысшыларға 300 млн теңгеден астам жалақы қарызын төлемей отыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың жұмысшыларға қарызы 300 млн теңгеден асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметіне сүйенсек, кәсіпорындардың еңбекақы берешегін өтеу мәселесі арнайы құрылған комиссияның бақылауында.

«Өткен жылы 17 облыстық, 135 қалалық және аудандық комиссиялардың 17 отырысы өткен. Прокуратурамен бірлесе атқарылған шаралардың нәтижесінде жалақы бойынша берешек өтелді. Нақты айтқанда, қызметкерлерге 1,9 миллиард теңгеден астам жалақы төленген», - дейді басқарма басшысы Бақытбек Қизатов.

Оның айтуынша, бұл жұмыс биыл да жалғасып жатыр.

Жыл басынан бері басқарма мамандары 327 өтінішті қарап, 84 тексеру жүргізді.

Осылайша, 45 нұсқама беріліп, жұмыс берушілер 12 млн теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы бүгінгі таңда өңір кәсіпорындарының жұмысшыларға қарызы 300 млн теңгеден асып отыр.



Соңғы жаңалықтар