+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

ШҚО кәсіпкерлері сыраның пластикалық бөтелкеде сатылуына тыйым салуға наразылықтарын білдірді

2014 жылғы 12 қыркүйек 13:27
Бөлісіңіз:
ШҚО кәсіпкерлері сыраның пластикалық бөтелкеде сатылуына тыйым салуға наразылықтарын білдірді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО кәсіпкерлер палатысы сыраны заттаңбасыз пластикалық бөтелкеде сатуға тыйым салуына наразылық білдіруде.

Бұл көптеген шағын және орта бизнес субъектілеріне зиянын тигізеді, деп есептейді кәсіпкерлер. ШҚО кәсіпкерлер палатасы аталған мәселені шешуге көмек беруін сұрап ел Үкіметіне баруды көздеп отыр.

«Бұл ШҚО кәсіпкерлеріне ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның өзге аймақтарындағы бизнесмендерге де нұқсанын тигізуі мүмкін. Өйткені кей кәсіпкерлер үшін сыра сату - негізгі табыс көзі», - деді ШҚО ақпарат орталығындағы брифингте ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

«Құйылып сатылатын сыраны сатып алған адам қайда құятынын өзі шешуі керек»,- деді ол.

Салық департаментінің басшылығымен жүргізілген келіссөздер барысында ШҚО кәсіпкерлер палатасы бұл норма күшіне енген соң сыраны сыйымдылығы қандай ыдысқа құюға болатынын сұрады. Алайда анық жауапты естімеді. Сондықтан ШҚО кәсіпкерлері Үкіметтің көмегіне жүгінуге мәжбүр.

ШҚО-да жұмыс істейтін 3 сыра зауыты бар. Олар негізінен құйылып сатылатын сыра өндіреді. Өндіріс көлемі айына 137 тоннаны құрайды. Аталған норманы енгізу кәсіпорындар қызметіне зор зиянын тигізеді, деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT