ШҚО кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы болып Мәріпбек Шәкербек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

32 жастағы Мәріпбек Шәкербекұлы Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауылының тумасы.

2006 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Түрлі-түсті металдар металлургиясы: біліктілігі: инженер-металлург» мамандығы бойынша, 2013 жылы «Қайнар» университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.

2006-2010 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, 2012-2014 жылдары «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.

«Атамекен» ҚР ҰКП-да 2014 жылдың тамыз айынан бастап еңбек етіп келеді. 2017 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы лауазымын атқарған.


Соңғы жаңалықтар