ШҚО инновациялық белсенділік бойынша республикада көш бастап тұр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы инновациялық белсенділік бойынша елімізде бірінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы республикада бұл көрсеткіш 10,6 пайызды құраса, ШҚО-да 15,5 пайызға жеткен. Бұл жайлы облыстық Ақпарат орталығында өткен брифинг барысында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов мәлім етті.

«Өңірдегі инновациялық өнім көлемі 174 млрд теңгені құрап отыр. Еліміздегі инновациялық кәсіпорындардың оннан бір бөлігі Шығыс Қазақстанда орналасқан. Аймақтағы осындай 317 кәсіпорын өнімдерінің тең жартысы экспортқа шығарылады», - дейді ол.

Соңғы үш жылдың көлемінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша Д Серікбаев атындағы ШҚМТУ мүлде жаңа сипаттағы, технологиялық серпіліс әкелетін жобаларды жүзеге асырып, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды қолға алды. Нәтижесінде титан, тантал, ниобий сынды басқа да металлдардан медициналық бұйымдар жасалды.


Соңғы жаңалықтар