ШҚО ІІД жоғалған қазақстандық қыз туралы Ресейге сауал жолдады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Кемероводағы ресейлік әріптестеріне із-түзсіз жоғалған Айнаш есімді қазақстандық қыз жөнінде «іздеу тапсырмасын» жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Маусым айының соңында бізге Кемеровоға жұмыс істеу үшін кеткен 24 жастағы Айнаш Оразалдинованың туыстары көмек сұрап келді. Біз ресейлік әріптестерімізге іздеу тапсырмасын жолдадық. Әзірге ешқандай мәлімет келіп түспеді. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. 

Айта кетейік, соңғы бірнеше күн бойы әлеуметтік желіні жоғалған Айнаш туралы ақпараттар таралып кетті. Жоғалған қыздың достары мен туыстары әлеуметтік желіде Айнашпен кімнің, қашан, не туралы сөйлескендері жайлы ақпарат алмасуда.

Соңғы жаңалықтар