+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

ШҚО: Глубокое ауданында үйсіз қалғандарға 60 млн теңге бөлінді

2018 жылғы 26 наурыз 14:03
Бөлісіңіз:
ШҚО: Глубокое ауданында үйсіз қалғандарға 60 млн теңге бөлінді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Глубокое ауданындағы Прогресс ауылында тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Тасқыннан баспанасы жарамсыз болған тұрғындарға үй сатып алу үшін 60 млн теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Даниал Ахметов елдің талап-тілектерін тыңдап, апаттың зардабын жою бойынша атқарылатын жұмыстармен танысты. Ауданда әлі де болса табиғи сипаттағы төтенше жағдай сақталуда.

Соңғы дерек бойынша Прогресс, Белоусовка, Предгорное және Глубокое кентіндегі 176 үйге арнасынан асқан өзен суы кіріп кеткен.

«Зардап шеккен азаматтар үшін мектептерде уақытша тұратын орын ұйымдастырылды. Екі күннің ішінде жағдайды бағалап, жұмыс істейміз. Кімде-кімнің үйі қирап, мүлдем іске жарамсыз болса, үй сатып алып береміз. Ол үшін ауданға 60 миллион теңге бөлінді. Барлық шығындарыңыз есептеліп, орны өтеледі. Бірақ, жағдайды пайдаланып, үйлерін өз қолымен қирату деген болмасын, - деді Даниал Ахметов.
ШҚО: Глубокое ауданында үйсіз қалғандарға 60 млн теңге бөлінді

Айта кету керек, тұрғындардың киім-кешек, азық-түлік сияқты тұрмыстық қажеттіліктері үшін кеше 10 млн теңге жолданған болатын.

ШҚО: Глубокое ауданында үйсіз қалғандарға 60 млн теңге бөлінді

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT