ШҚО-ға Жаңа жылды қарсы алуға келген елорда тұрғыны адам өмірін құтқарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына Жаңа жылды қарсы алуға келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны адам жанын ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 31 желтоқсанда Ұлан ауданы Донское ауылының маңындағы республикалық тасжолда болған.

Көлік жүргізушісінің дерті қозып, басымен рульді ұрғылай бастайды. Мұны байқап қалған елордалық Бақытжан әуелде оны мас деп ойлады.

Алайда бірнеше секундтан кейін ер адамның ауруы бар екенін түсінген. Бірден сол жерге жедел жәрдем шақыртқан азамат оның қасына жетіп барып сөзге айналдырумен болды.

Көп ұзамай дәрігерлер де келген.

«Бақытжаннан басқа ешкім көмектесуге ниет білдірген жоқ. Ол бірден тоқтап, жедел жәрдем шақырып, соңына дейін тосты. Бұл - нағыз ерлік!», - деп жазды жүргізушінің туған-туыстары әлеуметтік желіде.

ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев Бақытжан Әбдірахмановтың батылдыққа пара-пар көмегі үшін оған Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.

«Менің орнымда болса кез келген адам сөйтер еді. Бұл ерлік емес. Қиындыққа тап болған адамды көрген кезде ешкім де бейжай қарамауы керек деп есептеймін», - дейді Бақытжан

Анықталғандай, ер адам Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Шығыс Қазақстан облысына Жаңа жылды қарсы алу үшін келген.


Соңғы жаңалықтар