+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

ШҚО-ға шетелдік инвестор құны 250 млн долларды құрайтын ферма салмақ

2021 жылғы 15 маусым 11:13
Бөлісіңіз:
ШҚО-ға шетелдік инвестор құны 250 млн долларды құрайтын ферма салмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында шетелдік инвестор құны 250 млн АҚШ долларын құрайтын мал шаруашылығы фермасын салмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында 3,7 млн тонна астық жиналды Егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары – Ербол Қарашөкеев Ордабасылық шаруалар малдың қысқы азығын дайындауға қамдануда

Аймақ басшысы Даниал Ахметов инвестормен жолығып, келіссөз жүргізді.

«Өңірдің географиялық жағдайы шетелдік инвесторларды қызықтыратындығы анық. Өйткені, өсірген және қайта өңделген өнімдерді Қытай мен Ресей елдерінің үлкен нарығына жеткізуге болады. Біз дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен экспорттау көлемін арттыруға мүдделіміз. Агробизнес пен жоғары үстеме құны бар шикізаттық емес тауарлар экспорты – бұл ауылды жерлерде ашылатын жаңа жұмыс орындары, қосымша салық түсімі, аймақ экономикасының өсіміне оң серпін береді», - деді әкім.⠀

Оның айтуынша, жақын арада инвестициялық жобаның жол картасы әзірленбек. Онда құрылыстың мерзімдері мен көлемі ғана емес, инвестор тарапынан жобаны қаржылық қамтамасыз етудің барлық механизмдері мен көздері де көрсетілетін болады.

«Біз жұмыс істегісі келетін, ниеті дұрыс инвесторларды қолдауға дайынбыз. Әрине олар Қазақстанның заңын, әсіресе жер қатынастары саласындағы талаптарды бұзбауы тиіс», - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT