ШҚО-ға оқулықтар жеткізу мәселесін ҚР БҒМ өкілі тексеріп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтайыр Ахметовтің қатысуымен оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңейтілген кеңес өтіп жатыр.

Кеңеске аудан әкімдері, экономика, қаржы, білім басқармалары және оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдар, келісім орнатылған көліктік қызметтерді ұсынушылар қатысуда. Олар оқулықтарды жеткізудің ағымдағы жағдайын талқылап жатыр.

20 шілдедегі мәліметтер бойынша, аймақтағы барлық білім бөлімдері оқулықтарды сатып алу және оқу-әдістемелік кешендерінің баспаханаларымен оқу әдебиетінің жеткізілуіне байланысты келісімдер орнатты, деп хабарлады облыстық білім департаментінен.

Мысалы, Абай ауданына оқу әдебиетінің қажетті көлемінің 78,2 пайызы, ал Зайсан ауданына 80 пайызы жеткізілген.

Қалған аудандарда жеткізу мерзімдері келісім талаптары бойынша 20 шілде мен 25 тамыз аралығына белгіленген.

Бородулиха, Глубоков, Жарма және Тарбағатай аудандарында оқу әдебиетін жеткізуші - «Востокснабобразование» КМК. Бүгінде жеткізуші баспаханалардан тауарды алуын күтуде.

Сондай-ақ баспаханадан оқу әдебиетін алуын Риддер мен Үржар ауданына тасымалдаушы да күтіп отыр.

ҚР БҒМ-нен хабарлағандай, Шығыс Қазақстан бойынша оқулықтарды сатып алу және жеткізуді қаржыландыру мәселесі толық көлемде шешілді.

Соңғы жаңалықтар