+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

ШҚО-ға коронавирусқа қарсы вакцинаның 80 мыңнан астам дозасы жеткізілмек

2021 жылғы 8 сәуір 19:44
Бөлісіңіз:
ШҚО-ға коронавирусқа қарсы вакцинаның 80 мыңнан астам дозасы жеткізілмек

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына сәуір айында коронавирусқа қарсы вакцинаның 80 мыңнан астам дозасы жеткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Фармацевтикалық өндіріс Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қашан өтеді Қазақстанда вакцинаның қанша дозасы қалды Сәуірде қазақстандықтарға қандай вакциналар қолжетімді болады

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрланғазы Ибраев онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі вакцинациялау жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығын айтып берді.

«Сәуір айының соңына дейін халықты жаппай вакцинациялауға қажетті дозалар жеткізіледі. Адам көп жиналатын жерлерде вакцинация пункттері жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта облыста ресейлік «Спутник V» препаратының бірінші және екінші компоненттерінің 36 400 дозасы бар», - деді ол.

Нұрланғазы Ибраевтың айтуынша, вакциналардың жеткізілуі кестесі жасалып, оны бірыңғай дистрибьютор СК-Фармация жүзеге асыруда. Осы айдың соңына дейін тағы 82200 доза жеткізіледі.

«Содан кейін өңір жұртшылығы вакцинация пункттеріне шақырыла бастайды. Қазір облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен бұл орындар анықталуда. Онда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін дайындықтан өткіземіз», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда 12 425 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT