ШҚО-ға 300-ден астам дәрігер жетіспейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкерлерін жұмысқа тарту үшін жас мамандарға баспана берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында денсаулық сақтау және жолаушы тасымалы салаларына қатысты бірқатар мәселелер талқыға салынды.

«Денсаулық сақтау басқармасының жұмысында кемшіліктер бар. Мәселен, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім онкологияға қарағанда жоғары. Бірақ әлі күнге дейін бірде-бір кардиолог оқуға және біліктілік арттыруға жіберілмеген. Бұл мәселені тездетіп шешу керек», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Өз сөзінде ол медицина қызметкерлерінің тапшылығы мәселесін шешу үшін қалалар мен аудандардың әкімдеріне «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жас мамандарға тұрғын үй бөлуді тапсырды. Бүгінгі таңда өңірде 323 дәрігер жетіспейді.

«Өскемен қаласы мен Үржар ауданындағы әуежайларда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Зайсандағы әуе айлағын реконструкциялау жобасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ «Облшығысжол» ЖШС қарамағына өткеннен кейін «Қызыл Ту» өткелінің жұмысы үзіліссіз және кестеге сәйкес жүретін болады», - деді аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар