ШҚО-ға 200-ден астам дәрігер жетіспейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының ауруханаларында 200-ден астам дәрігер жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірге педиатр, терапевт, анестезиолог, гинеколог және психиатр мамандары қажет. Дәрігер тапшылығы негізінен Ана мен бала орталығында, облыстық мамандандырылған медициналық орталықта және Өскемендегі №4 қалалық ауруханада сезілуде.

«Облыста ақ халаттылардың айтарлықтай жетіспеушілігі байқалғандықтан жас мамандарды тарту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Еліміздегі медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің тізімі ұдайы ауруханаларға жіберіліп отырады. 2019 жылдан бастап мемлекеттік грант негізінде білім алған түлектер жергілікті медициналық мекемелерде жұмыс істеуге міндеттелуде. Енді ақылы бөлімнің студенттері ғана жұмыс таңдау құқығына ие», – деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.

Талғатжан Мұхаметбекұлы


Соңғы жаңалықтар